BRAID IT UP

Ты будешь невинной, тонкой, Прелестной и всем чужой. Пленительной амазонкой, Стремительной госпожой. И косы свои, пожалуй, Ты будешь носить, как шлем, Ты будешь царицей бала И всех молодых поэм... Марина Цветаева

Photography | Van Smith.

Styling | Ainur Jumabayeva.

Make up | Lana Padan (Irina Khaber Team).

Hair | Dilora Eshankulova, Ilmira Tokmagambetova, Elvira Akhmetova (Anny Wond Team) .

Models | Viktoriya Lee, Lunara Maxalamova @ Cast.

Шолпы – қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Шолпыны о баста әйелдер қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау мақсатында шолпы, шашбау таққан. Кейде олардың салмағы үi килограммға жеткен. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.
 
Шашбау – қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей-бұйым. Мұндай әйел шашының әр-ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар. Шашбауды түркі халықтары ежелден қолданып келеді. Жасы келген әйелдің шашбауы қарапайымдау болады. Шашбау біріншіден, әйел шашының өсуіне ықпалын тигізеді, екіншіден, басқа массаж жасайды. Ерте заманда шашбау тағу шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады деген түсініктен туындаған.
 
Білезік – білекке тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. Білезік сөзінің түп-төркіні білек және жүзік (білекжүзік – білежүзік – білеүзік – білезік) сөзінен туындаса керек. Білезік қымбат металдардан жасалады. Білезіктің көлемі, пішіні, әшекейі әр алуан болады. Оған асыл тастардан көз орнатылады, алтын не күміс жалатып, лажылап, эмаль бағдарлап та соғады.

  • All clothing,
  • AIKA ALEMI;
  • All jewellery
  • NURDOS JEWELLERY.

 

comments powered by Disqus